О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 апреля 1995 г. N 557 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 қаулысына өзгерту енгiзу туралы Қазақстан Республикасының бiрнеше шетел мемлекеттерiмен халықаралық автомобиль қатынасы саласында жасасқан Үкiметаралық Келiсiмдердi, Халықаралық шарттарды орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 жыл, N 14, 169-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн: 9-тармақтың бiрiншi абзацындағы "кiрген күннен бастап 7 күн iшiнде олардың шығуын қамтамасыз ететiн болып" сөздерi алынып тасталсын.