О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 июня 1995 г. N 876 и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 маусымдағы N 876 қаулысына өзгертулер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн күшi жойылған деп тану туралы "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996, N 12, 86-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1996 жы­л­ғы 8 шiл­де­де­гi N 851 қа­улы­сы­на қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. "Қазақ ССР Ғылым академиясының Уставы туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 6 желтоқсандағы N 548 қаулысы (Қаз. ССР-нiң ҚЖ, 1978 ж., N 1, 3-бап).
Тармақ 2
2. "Қазақ ССР Ғылым академиясының Уставына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1980 жылғы 26 мамырдағы N 217 қаулысы (Қаз. ССР-нiң ҚЖ, 1980 ж., N 11, 34-бап).
Тармақ 3
3. "Қазақ ССР Ғылым академиясының Уставына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 2 наурыздағы N 80 қаулысы (Қаз. ССР-нiң ҚЖ, 1989 ж., N 9, 39-бап).
Тармақ 4
4. "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының құқығын кеңейту туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 маусымдағы N 352 қаулысы.
Тармақ 5
5. Қазақ ССР Премьер-Министрiнiң 1991 жылғы 11 қазандағы N 164 өкiмi.
Тармақ 6
6. "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академиктер және мүше-корреспонденттер саны туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 31 қазандағы N 657 қаулысы.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен қазақ ауыл шаруашылық ғылыми академиясының толық мүшесi және корреспондент-мүшесi атақтары үшiн төленетiн ақының мөлшерiн көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 сәуiрдегi N 276 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 11, 138-бап).
Тармақ 8
8. "Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 маусымдағы N 717 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 293-бап).
Тармақ 9
9."Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы орталық аппаратының қызметкерлерi мен Төралқасының санын ұлғайту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 сәуiрдегi N 462 қаулысы.