О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 1998 года N 608 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.28. № 137 қаулысымен
Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарына қолдау көрсету және олардың тауарларының бәсекелестік қабілетіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға ескерту мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерде (саудада жанама салықтар "баратын елі" принципі бойынша алынатын мемлекеттерден басқа)
шығарылатын және әкелінетін, қазақстандық шикізаттан өндірілгендерін қоспағанда, бағалары әкелінетін тауарлар үшін Қазақстан Республикасында белгіленгеннен төмен акциз ставкаларын қолдану арқылы қалыптасқан акцизделетін тауарлар бойынша (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 270 - 2710 00 360, 2710 00 610 - 2710 00 690) акциз ставкаларындағы айырмашылық бойынша алынады."
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және
жариялауға жатады.