О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 1998 года N 608 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.28. N 137 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар және бальзамдар 1 литр 70 1,7" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар және бальзамдар 1 литр 80 1,7" "220300 Сыра 1 литр 5 0,2" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"220300 Сыра 1 литр 6 0,2"
Тармақ 2
2. Осы қаулымен белгіленген акциз ставкалары 2000 жылдың 1 наурызына дейін қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.