О внесении изменений в решение акима области от 26 марта 1998 года № 67 Күшін жойған
Басқа 0
Көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма құру туралы облыс әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 22.04.1999 № 85 шешімімен
Көші-қон және демография жөніндегі аудандық қызметтердің құрылымдарын жетілдіру мақсатында: облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес қалалық және аудандық көші-қон және демография қызметтерін орналастырудың жаңа сызбасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Көші-қон және демография жөніндегі облыстық басқарма құру туралы» облыс әкімінің 1998 жылғы 26 наурыздағы шешімнің №4 қосымшасы күшін жоғалтты деп танылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы /Сутулов Ф.Ф./ Көкшетау, Петропавл қалалары және Сергеев, Ақжар аудандырының көші-қон және демография қызметтерінің бұрын белгіленген қызметшілер сонының лимитін қайтадан бөле отырып, облыстың барлық аудандарында және Көкшетау, Петропавл қалаларында, дербес бөлімше ретінде, бір штаттық бірлікті қайта қалпына келтірсін. Оларды ұстаудың қарастырылған жалпы ассигнация белгіленсін.
Тармақ 4
4. Көкшетау, Петропавл қалалары мен Сергеев, Ақжар аудандарының әкімдері бұрын құрылған тұрғындардың көші-қон және демография жөніндегі аймақтық қызметінің штаттық бірліктерінің қасқартсын. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Мемлекеттік қызмет туралы» Жалығының 26 бабының 6 тармағына сәйкес қысқартылған қызметкерлерге өтемақы толеуді қарастырсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдері, Көкшетау және Петропавл қалаларының әкімдері көші-қон және демография жөніндегі қызметтің жұмысы үшін қажетті жағдай тұғызсын, үй-жай, ұйымдастыру техникасын бөлсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П. Никандровқа жүктелсін.