О внесений дополнений в решение акима области от 26 октября 1999 года № 09 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 1999 жылғы 26 қазандағы № 09 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2001.05.03 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы №230 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі №1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қаулысын орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 1999 жылғы 26 қазандағы №09 «Облыс әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімде бекітілген облыс әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібінде:
2 тармақта:
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) облыс әкімінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар»;
сегізінші абзац алынып тасталсын;
мыладай мазмұндағы 4-1 бөлімімен толықтырыслын;
«4-1. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу;
11-1. Өзге де болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу үшін облыс әкімінің орынбасарлары облыстық департамент комитеттері және басқарма бамсшылары, аудандар мен қалалар әкімдері облыс әкіміне тиісті негіздемелері мен есептері бар қаражат бөлу туралы өтініш ұсынылады
11-2. Облыс әкімі ұсынылған өтініштер негізінде облыс әкімінің резеррвінен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
11-3. Қаражатты қаржы жылының ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға ұтымды бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, облыс әкімінің резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда облыстық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-інен аспауы тиіс. Бұл ретте облыс әкімінің резервінен табиғи және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімінің бұрын қабылданған шешімдері есепке алынады.
11-4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, аудандар мен қалалар әкімдерінің өтініштері бойынша оң қорытынды болған жағдайда облыс әкімінің резервінен өзге де күтілмеген шағыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімі өкімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен облыстық қаржы басқармасы дайындайды.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар әкімдері дайындалған және бекітілген аудан (қала) әкімдерінің резевтері қаражаттарын пайдаланудың тәртіптеріне осы шешіміне сәйкес толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы өкім 2000 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Өтешовке жүктелсін.