О внесении дополнений в решение акима области от 26 октября 1999 года № 09 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылғы 26 қазандағы облыс әкімінің № 9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2002.08.05 N 128 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына қзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 15 қаңтардағы №140-2 Заңының 13 тармағы мен Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің «Жергілікті атқарушы органдардың резерві туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы №10-4/1214 хатына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің «Облыс әкімінің резервінен қаражатты пайдалану Ережесін бекіту жөніндегі» 1999 жылғы 26 қазандағы №09 шешіміне төмендегідей толықтырулар енгізілсін: Аталған шешімде бекітілген облыс әкімінің резервінен қаражатты пайдалану Ережесіндегі: 4-2 бөлімі тө мендегідей мазмұндалғандармен толықтырылсын: «4-2. Төмендегі тұрған бюджеттердің кассалық айырмашылығын жабуды несиелеу үшін арнайы резервтен қаражаттарды бөлу және пайдалану 11-5. Аудандар мен қалалардың әкімдері төмендегі тұрған бюджеттердің кассалық айырмашылығын жабуды несиелеуге арнайы резервтен қаражаттарды бөлу үшін облыстық қаржы басқармасына негіздемелері мен есептеріне сәйкес облыс әкімінің резервінен қаражат бөлу жөнінде өтініш тапсырады. 11-6. Облыстық қаржы басқармасы тапсырылған өтініштің негізінде, соңдай-ақ осыған ұқсас мәселе бойынша облыс әкімінің бұрын қабылдаған шешімі мен тө менгі тұрған бюджеттерге бұрын берілген несиелердің мәліметіне сүйеніп төменгі тұрған бюджеттердің кассалық айырмасын жабуды несиелеу үшін арнайы резервтен қаражат бөлудің мүмкіндігіне, болмаса мүмкін еместігіне қорытынды береді. Төменгі тұрған бюджеттерді несиелеуге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін міндетті шарт болып табылатандар: 1) Аудандар мен қалалардың бюджеттерін несиелеу үшін ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджетте қарастырылған соманың болуы. 2) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген, анықталған есепті кезеңде жергілікті бюджеттердің дефициті қаржыландырылуы немесе жергілікті бюджеттердің ағымдағы түсімдері қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджетердің шағындарын қаржыландыруға бөлінген қаражаттарды жұмсау. 3) Облыстық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша жергілікті атқарушы органдардың ұзартылған қарыздары болмауы. 11-7. Аудандар мен қалалардың әкімдерінің өтініштерінің оң қорытындысы бойынша облыс әкімінің арнайы резервінен төменгі тұрған бюджеттерді несиелеу үшін ақша бөлу туралы шешімді облыстық қаржы басқармасы облыс әкімінің қарауына жібереді.
Тармақ 2
2. «Облыс әкімінің 1999 жылғы 26 қазандағы №9 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 48 шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалардың әкімдері осы шешімге сәйкес аудандардың (қалалардың) әкімдерінің резервінен қаражаттарды пайдалану Ережесін бекітіп және жасап толықтырулар енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Өтешевке жүктелсін.