О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2000 года N 802 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Pecпубликасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 мамырдағы N 802 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 26 мамырдағы N 802 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 283-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын: "Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:"; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiнде: 2-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын, өтiнiштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен зертханалық зерттеулердi жүргiзуден, нормативтiк-техникалық және бланк өнiмдерiн өндiру мен дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсетулердi сатудан, кәсiптiк-гигиеналық даярлықты жүргiзуден түскен қаражат мынадай тәртiппен:"; төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның нормативтік-техникалық, баспа өнiмдерiн өндiруге байланысты шығыстарына;"; мемлекеттік тiлдегi мәтінiнде алтыншы абзац мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: "үй-жайлар мен басқа да объектілерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуге байланысты шығыстарға;"; мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын: "санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіруге пайдаланылады."; 5-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын, өтініштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен зертханалық зерттеулерді жүргізуден, нормативтік-техникалық және бланк өнімдерін өндіру мен дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсетулерді сатудан, кәсіптік-гигиеналық даярлықты жүргізуден түскен қаражат мынадай тәртіппен:"; төртінші абзацтағы "қамтамасыз етуге" деген сөздерден кейін "және бланк өнімдерін сатуға" деген сөздермен толықтырылсын; мемлекеттік тілдегі мәтінінде бесінші абзац мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: "үй-жайлар мен басқа да объектiлерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзуге байланысты шығыстарға;"; мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде алтыншы абзацтағы "шығыстарға" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын: "санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдiруге"; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Pecпубликалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтердiң бағаларын - заңнамада белгiленген тәртiппен азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы Қазақстан Pecпубликасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы, жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын ақылы қызметтердің бағаларын жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.