О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года № 303 «О плане мероприятий по исполнению поручений Президента Республики Казахстан, вытекающих из его выступления 10 ноября 1999 года на церемонии принесения присяги вновь назначенными членами Правительства» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 ақпандағы № 303 «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында ел Үкіметінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 ақпандағы № 303 "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында ел Үкіметінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасындағы ел Үкіметінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 ақпандағы № 303 қаулысына сәйкес жасақталған іс-шаралардың жоспары бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Қала және аудандар әкімдері, облыс әкімінің аппаратының бөлімдері, облыстық басқармалар мен комитеттер басшылары осы шешімді іске асыру шараларын алып, оның орындалысы жөнінде ақпарат берсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Палымбетовке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің 2000 жылғы
3 сәуірдегі № 418 шешіміне
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында
Үкіметтің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде
сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі
Атырау облысы бойынша іс-шаралар жоспары.
Іс шаралар
Аяқтау нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындау мерзімі
1
2
3
4
5
1. Бірінші тапсырма. Бюджет тапшылығының себептерін талдау және оны қысқарту жөнінде шаралар қолдану.
1.1.
Бұрынғы алынған бюджеттік қарыздарды (несиелерді) қайтару жөніндегі борышты және қарыздың тиісті қаржы жылына белгіленетін лимитін қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың бұрыннан жинақталған борышын ескере отырып, жергілікті бюджеттерді теңгермелеу жөнінде шаралар қабылдау
Ақпарат
Облыстық қаржы басқармасы
Жыл сайын,
2. Екінші тапсырма. Экономиканы, қаржыны жүйелі реформалауды, құқықтық реформаны және әлеуметтік саланы реформалауды жалғастыру
2.1. Экономиканы реформалау
2.1.1.
Облыстың 2001-2005 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу
Облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген жоспар
Қала және аудан әкімдері, облыстық экономика басқармасы, облыстық басқармалар мен комитеттер
Наурыз, 2001 ж.
2.1.2.
Облыстың, қала және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы индикативтік жоспарын әзірлеу
Әкімнің шешімімен бекітілген жоспар
Қала және аудан әкімдері, облыстық экономика басқармасы, облыстық басқармалар мен комитеттер
Жыл сайын
2.1.3.
Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін 2015 жылға дейін дамытудың және орналастырудың Бас сызбасының жобасына ұсыныс беру
Ұсыныстар
Облыстық экономика басқармасы, облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2002 ж қараша
2.2. Әлеуметтік саладағы реформалар
2.2.1.
Мектеп жасындағы балаларды, соның ішінде даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларын, тиісті жалпы білім беретін мектептері жоқ елді мекендердің балаларын білім берумен толық қамтуды қамтамасыз ету. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорларының жұмысын, оқушыларды тамақтандыруды, балаларды оқу орнына дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру
Есеп
Облыстық білім басқармасы, облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Әр тоқсанның онына
2.2.2.
5 (6) жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындығын ұйымдастыру
Есеп
Қала және аудан әкімдері, облыстық білім басқармасы
Жыл сайын қыркүйек
2.2.3.
«Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылым интеграциясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Үкіметінің қаулысының жобасына ұсыныстар беру
Ұсыныстар
Облыс әкімі аппаратының қоғамдық-саясат бөлімі, облыстық білім басқармасы, Х.Досмухамбедов атындағы университет, мұнай және газ институты
2000 ж
2.2.4.
Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, жеке гигиена мен санитарияның ережелерін сақтау үшін науқанды кеңінен ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету
Есеп
Қала және аудан әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Тоқсан сайын
3. Төртінші тапсырма. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту
3.1.
Сыбайлас жемқорлық көріністерімен пәрменді күрес мәселелерін, материалдық және қаржы-қаражатты мейлінше үнемдеуді, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметте әдептілік нормасын сақтауын көздейтін іс-қимылдардың ведомствалық бағдарламаларын (Жоспарларын) әзірлеу
Есеп
Қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттер
Тоқсан сайын
4. Бесінші тапсырма. Отандық тауар өндірушіні қолдау. Азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
4.1.
Импорт алмастыру бағдарламасын әзірлеу
Облыс әкімінің шешімімен бекітілген бағдарлама
Облыстық экономика басқармасы, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы, кәсіпорын мен мекеме басшылары
2000 ж шілде
5. Жетінші тапсырма. Үкімет жүргізіп отырған іс-қимылдартуралы халыққа түсіндіру жұмысын күшейту.
5.1.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қоғамдық-саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерімен «Дөңгелек үстелдер», кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастыру.
Дөңгелек үстелдер және кездесулер өткізу
Есеп
Облыс әкімі аппаратының қоғамдық-саясат бөлімі, қоғамдық келісім және ақпарат басқармасы.
Тұрақты ай сайын
2000-2002 жж маусым желтоқсан