О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 26 декабря 2000 года № 7/80-II "Об областном бюджете на 2001 год" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың 2000 жылғы 26 желтоқсандағы "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 7/80-II шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 10, 18, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі "Резервтік қордан қаржы бөлу туралы" № 485 қаулысына сәйкес және облыс әкімшілігінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі "2001 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы" № 8 қаулысына байланысты, облыстық мәслихат ШЕШТІ: Облыстық мәслихаттың "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 7/8-II шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1 тармақтағы: "18145648" сандары "18206948" сандарымен алмастырылсын; "847608" сандары "908908" сандарымен алмастырылсын. Мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "2001 жылға арналған облыстық бюджеттің құрамында: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамынан нөлдік мөлшерлемедегі сыйақы жөніндегі 61300 мың теңге несие түсімі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алған 61300 мың теңге несиелерін қайтару қарастырылсын."
Тармақ 2
2. 7 тармақтағы: "180435" сандары "176435" сандарымен алмастырылсын.
Тармақ 3
3. 16 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын: "Облыстық бюджеттің "Ауыл шаруашылығы" функционалды тобында 257.83 "2001 жылғы көктемгі-дала және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие беру" бюджет бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жанар-жағар май алуы үшін 61300 мың теңге несие қарастырылсын".
Тармақ 4
4. 17 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын: "Облыстық бюджеттің "Қаржыландыру" функционалды тобында Оңтүстік Қазақстан жергілікті атқарушы органдарының көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне жанар-жағар май алуын несиелеуге "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына 2001 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде қайтарылуға берілген 61300 мың теңге несие жабу қарастырылсын. Бұл шығыстар 2001 жыл барысында қысқартуға жатпайтын болып белгіленсін."