О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2001 года N 384 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N 1059 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына: Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Нұрпейісов - Қазақстан Республикасының Қайрат Айтмұхамбетұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі Ойнаров - Қазақстан Республикасының Азамат Рысқұлұлы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып енгізілсін; "Досқалиев - Қазақстан Республикасы Денсаулық Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Досқалиев - Қазақстан Республикасы Денсаулық Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау министрі"; көрсетілген құрамнан Даниял Кенжетайұлы Ахметов, Рақымберген Құрманғалиұлы Тоқсейітов, Ольга Алексеевна Марзилович шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.