О внесении изменений и дополнений в решение Костанайского областного маслихата от 26 апреля 2001 года № 115 «О правилах оказания социальной помощи на погребение граждан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 115 «Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудін ережесі туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 26.05.2005 № 196 шешімімен. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» облыстық бюджеттік бағдарламаның орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 9)- тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 115 «Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы» шешіміне төмендегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің ережесіндегі: 7-тармақтың 1-азат жолындағы «жерлеуге» деген сөздерден кейін «жұмыссыздар және» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың 2-азат жолы алып тасталынсын; 8-тармақтағы «атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия (әрі қарай-комиссиялар)» деген сөздер «аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары» деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақ төмендегі редакцияда берілсін: «13. Әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімге, егер қайтыс болған баланың еңбекке қабілетті әкесі (баланы (қызды) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) баланың қаза болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, тағайындалады. Айрықша жағдайларда, отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және қамтамасыз етілген деңгейін ескере отырып, аудандық, қалалық уәкілетті орган көрсетілген факторды есепке алмай, әлеуметтік көмек тағайындауға құқығы бар. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек баланың шешесінің жұмыссыз ретінде тіркелмеген фактісіне қарамастан тағайындалады. Қайтыс болган кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек, егер баланың әкесі (баланы (қызды) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) мүгедек немесе зейнеткер болса, тағайындалады және төленеді. Қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеуге әлеуметтік көмек ата-ананың (баланы (қызды) асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының) біреуіне төленеді. Әлеуметтік көмек ата-аналық құқықтан айырылған ата-аналарға тағайындалмайды және төленбейді.». 14-тармақ төмендегі редакцияда берілсін: «14. Қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек, егер ол қаза болған күнге жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса, тағайындалады. Әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді.», 17, 19-тармақтарындағы «комиссия» деген сөз «арнаулы комиссияның және аудандық, қалалық уәкілетті органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 21-тармақтың 8)-тармақшасы төмендегі мазмұнды азат жолмен толықтырылсын: «қайтыс болған баланың анасының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; мүгедектер үшін -медициналық-сараптау комиссиясының мүгедектік топты белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі; зейнеткерлер үшін- зейнеткерлік куәліктің көшірмесі»; 21-тармақ төмендегі мазмұнды 9)-тармақшамен толықтырылсын: «9) қайтыс болған жұмыссыздарға: жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қайтыс болған жұмыссыздың жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтамасын; қайтыс болған жұмыссыздың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; егер жерлеуді отбасы мүшелері өткерген болса, арыз беруші оның туыстығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады; егер жерлеуді қайтыс болған адамның отбасы мүшелері өткермесе, арыз беруші жол-жора қызметінің жерлеуді өткергенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады»; 25-тармақ төмендегі мазмүнды 2-азат жолмен толықтырылсын: «Қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек 10-еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі»; 26-тармақта «Ереже» деген сөзден кейін «жұмыссыздарды» деген сөзбен толықтырылсын; 28, 29-тармақтар алынып тасталсын; 30-тармақтың 1-азат жолындағы «кәмелетке толмаған балаларды» деген соз алынып тасталсын; 30-тармақтың 2, 3-азат жолдарындағы «жерлеуге» деген сөздерден кейін «жұмыссыздар және» деген сөздермен толықтырылсын; 30-тармақ төмендегі мазмүнды 4, 5- азат жолдармен толықтырылсын; «Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы Ереженің 10, 11-тармақтарында көрсетілген, жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалған қайтыс болған азаматтардың тізімін ресімдейді, есептеу жүргізеді және облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс береді. Осы Ереженің 10, 11-тармақтарында көрсетілген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы берген тізімге сәйкес төленеді».