О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2002 года N 1379 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республиқасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:
2 "Қорғаныс" деген функционалдық тобында:
208 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi" деген әкiмшiсi бойынша:
076 "Елдiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету" деген бағдарламасында:
034 "Әскери бөлiмдердi дәрi-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы өнiмдермен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "500000" деген сандар "650000" деген сандармен ауыстырылсын;
035 "Әскери бөлiмдердi жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "2000000" деген сандар "1850000" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.