О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2002 года N 1379 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 2003 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымша "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топтан кейін мынадай мазмұндағы функционалдық топпен толықтырылсын: "Өнеркәсіп және құрылыс       Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау       министрлігі       035  Республикалық инвестициялық жобалардың       техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу       және сараптамалау жасау                         303000".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.