О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года N 833 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікпен жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде: 11-тармақтағы "сату" деген сөзден кейін "немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: "11-1. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады."; мынадай мазмұндағы 25-3, 25-4, 25-5-тармақтармен толықтырылсын: "25-3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлік республикалық меншік объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік органның (бұдан әрі - арнайы орган) шешімімен мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдануы мүмкін. 25-4. Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі мәселесін қарау кезінде негізгі өлшемдер мыналар болып табылады: 1) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы; 2) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдалану. 25-5. Мүлікті мемлекеттік меншікке өтеусіз беру кезінде уәкілетті орган мен арнайы орган арасында қабылдап алу-беру актісін (беру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада қабылдап алу-беру актісі (беру актісі) жасалады. Арнайы орган мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген мүлікті есепке алуды жүргізеді.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.