О внесении изменений и дополнений в решение Рудненского городского маслихата от 26 декабря 2002 года № 212 «Об утверждении Правил о порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)», номер государственной регистрации 1995 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212, мемлекеттік тіркелу нөмірі 1995 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212 (мемлекеттік тіркелу нөмірі 1995, 2003 жылғы 7 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде 11 нөмірде жарияланған) «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелердің бекіту туралы»шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Осы ережелермен бекітілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінде: 1-бөлімнің 2-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қаланың құрметті азаматы болып табылатын жұмыс істемейтін зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін есептеу кезінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге мейлінше жіберілетін шығыстардың үлесі қолданылмайды. Осы санаттағы азаматтарға өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй алағы нормасының және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығыстардың 100% төленеді»; 4-бөлімнің 21-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Үй жанындағы учаскенің бар немесе жоқ жөніндегі мәліметтер және жеке еңбек қызметімен айналысатындығы жөніндегі мәліметтер Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына салық комитетінен электрон тәсілімен жіберіледі»; «жер құрылысы басқармасынан үй жанындағы немесе саябақ учаскесі бар немесе жоқ туралы анықтама» сөздері және «салық комитетінен жеке еңбек қызметімен айналысатыны туралы анықтама» сөздері алынып тасталсын; 5-бөлімнің 22-тармағы келесі мазмұндағы 11) тармақпен толықтырылсын: «11) Отбасының жиынтық кірісінің құрамына жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар жатады.»