О внесении изменений в решение Рудненского городского маслихата от 26 декабря 2002 года № 212 «Об утверждении Правил о порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)», государственный регистрационный номер 1995 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212, мемлекеттік тіркелу нөмірі 1995 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ: Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы (мемлекеттік тіркелу нөмірі 1995, 2003 жылғы 7 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде 11 нөмірде жарияланған, бұрын Рудный қалалық мәслихатының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 249 «Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2293 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы», 2003 жылғы 18 шілдеде «Рудненский рабочий» газетінде 58-59 нөмірде жарияланған шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын: «4. Тұрғын үй көмегін есептеуде коммуналдық қызметтердің келесі түрлерін: салқын және ыстық суды, ағындағы суды; жылу энергиясын, табиғи газды, қоқыс шығаруды, радионы пайдалануды, тұрғын үйді ұстауға шығыстарды жіберудің (тұтынудың) заңнама белгілеген қолданыстағы нормалары ескеріледі. Электр энергиясын жіберу (тұтыну) нормасы бір айда бір адамға 45 киловатты, ал Қашар поселкесінің тұрғындары үшін бір айда бір адамға 70 киловатты құрайды».