О внесении изменений и дополнений в решение Рудненского городского маслихата от 26 декабря 2002 года № 212 "Об утверждении Правил о порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)", государственный регистрационный номер 1995 Күшін жойған
Басқа 0
Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1995 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" (мемлекеттік тіркелу нөмірі 1995 шешіміне, 2003 жылғы 7 ақпанда "Рудненский рабочий газетінде" 11 нөмірде жарияланған, Рудный қалалық мәслихатының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 249 "Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2293 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2003 жылғы 18 шілдеде "Рудненский рабочий" газетінде 58-59 нөмірде жарияланған және Рудный қалалық мәслихатының 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 279 "Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерде:
2-тармақтың бірінші абзацындағы "22 пайыз" сөздері "25 пайыз" сөздерімен ауыстырылсын;
16-тармақ "жергілікті бюджет қаражаттары есебінен" сөздерінен кейін "ағымдағы қаржы жылына бекітілген сомалар шегінде" сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Шешім 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.