О внесении изменений в решение городского маслихата от 26 июля 2002 года № 24/223 «Об установлении ставки акцизов на игорный бизнес» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ойын бизнесі акцизінің ставкасын белгілеу туралы» қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 26 шілдедегі № 24/223 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 258 жэне 266-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын, акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» қаулысына сәйкес қалалық мэслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1.«Ойын бизнесі акцизінің ставкасын белгілеу туралы» қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 26 шілдедегі № 24/223 (№ 1970 тіркелген, 2002 жылдың 24 қыркүйегінде № 133 /6116/ нөмірлі «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің төрағасы Е. Балапанов 28.06.2006 ж.
Басқа 3
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 маусымдағы № 26/215 шешіміне қосымша Ойын бизнесі акцизінің жылдық ставкасы №№ Ойын бизнесінің түрлері Салық салу объектісі Салық ставкалары, АЕК 1. Ойын үстелі - ойын мекемесі ойындарға өз өкілдері арқылы тарап немесе ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретінде қатысатын, ұтыстың кез келген түрі бар құмар ойындарын өткізуге арналған ойын мекемесіндегі арнаулы жабдықтар Әрбір ойын үстеліне 1200 2. Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы әрбір ойын автоматына 50 3 Тотализатор әрбір тотализатор кассасына 100 4 Букмекерлік кеңсе әрбір кассаға 20