О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 и от 29 октября 2004 года № 1129 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 833 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1514 Жарлығына сәйкес келтiру және мемлекеттiк органдардың функцияларын қайталауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде: 18-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне құндылықты жiберген жiберушiге" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын; 18-1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.