О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 26 июня 2002 года № 8/4 "Об образовании Бюджетной комиссии города", регистрационный номер в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов - 894 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде - 894 нөмірімен тіркелген 2002 жылғы 26 маусымдағы N 8/4 "Қалалық Бюджет комиссиясын құру туралы" Қарағанды қаласы әкімиятының қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-I "Бюджет жүйесі туралы" Заңына сәйкес Қарағанды қалалық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық әкімиятының 2002 жылғы 26 маусымдағы N 8/4 нөмірлі "Қалалық Бюджет комиссиясын құру туралы" қаулысына сәйкес, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде - 894 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 14 қыркүйекте "Орталық Қазақстан" газетінде, 2002 жылғы 7 қыркүйекте "Индустриальная Караганда" газетінде жарияланды Қарағанды қаласы әкімиятының 2003 жылғы 19 наурыздағы қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы N 1/5 "2002 жылғы 26 маусымдағы Қарағанды қаласы әкімиятының N 8/4 "Қалалық Бюджет комиссиясын құру туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қарағанды облыстық Әділет басқармасында N 894 нөмірмен тіркелген", (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде - 1129 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 27 мамырда "Индустриальная Караганда" газетінде жарияланды) қаулысының 1 тармағы шығарып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Негізгі қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрпеисов Руслан Құрманжанұлына жүктелсін.