О внесении дополнений в Приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 26 июня 2003 года N 326 "Об утверждении Инструкции по декларированию отдельных категорий товаров в определенных таможенных органах Республики Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2401 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2401 болып тiркелген "Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 326 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы Ең төменгi тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзетiн тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк ресiмдеудi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 11 шiлдеде N 2401 болып тiркелген "Бико" баспасы "Ресми газетiнiң" 2003 жылғы 6 қыркүйектегi N 36 санында жарияланған "Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 326 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау жөнiндегi нұсқаулыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы 29-56-жолдармен толықтырылсын: __________________________________________________________________ 29  Баспахана бояуы, жазуға және сурет салуға        3215 арналған сия және шоғырландырылған немесе шоғырландырылмаған, қатты немесе қатты емес өзге де сия 30  Көшiру-көбейту техникаларына арналған тонер      3707 90 300 31  Шаңсорғыштарға арналған қағаз қапшықтар          4819 40 32  Баспа каталогтары мен үнпарақтары                4901 33  Жарнамалық плакаттар                             4911 34  Шаңсорғыштарға арналған мата сүзгiлер            5911 90 35  Соруға арналған көмiрлі сүзгілер                 6815 10 900 36  Желдеткiштер                                     8414 51 37  Сорғыштар                                        8414 60 38  Су жылытқыштар                                   8419 11 39  Ауа тазартқыштар                                 8421 39 300 40  Таразылар                                        8423 10 41  Кептiргiш барабандар                             8451 21 42  Yтiктеу жабдықтары                               8451 30 300 8473 30 43  Плазмалық панелдер                               8471 60 900 44  Көшiру-көбейту техникаларына арналған            8472 90 аксессуарлар 45  Есептеу машиналарының бөлшектерi мен керек-      8473 30 жарақтары 46  Статикалық өзгерткiштер                          8504 40 47  Электр аккумуляторлары                           8507 20 48  Телефон аппараттарына арналған аксессуарлар      8517 90 49  Бейнежазба аппараттарының бөлшектерi             8522 90 50  Ұялы телефондар                                  8525 20 910 51  Телевизиялық байланысқа арналған қабылдау        8529 90 аппаратының бөлшектерi 52  Электр желiлерiн қорғауға арналған қондырғы      8536 30 900 53  Түрлi-түстi электронды-сәулелiк бейнелeу         8540 11 түтiкшелерi 54  Бейне аппараттарға арналған кабельдер            8544 20 55  Сылау аппараттары                                9019 10 100 56  Сiңiрiлген полимер материалдарынан жасалған      9612 10 100 таспалар __________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсаровә) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Кедендiк бақылауды ұйымдастыру департаментi (А.Б.Малғаждаров) осы бұйрықтың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары C.Ж.Мулкинге жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.