О внесении изменений в постановление акимата области от 26 марта 2003 года № 61 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 61 қаулысы облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 7 сәуірде № 2066 тіркелді, 2003 жылғы 15 сәуірде «Актюбинский вестник» басылымының № 44 (17.94) жарияланды) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысын орындау максатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысында жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды лицензиялау туралы» облыс әкімияттың 2003 жылғы 26 наурыздағы № 61 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Облыс әкімият қаулысының 4 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі батыс аймақ бойынша комитетіне (М. Ғ. Әсірепов) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланушылар лицензия алу үшін осы Ережелермен белгіленген қорытындыны уақытында беру ұсынылсын және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (Н. А. Әділов) жылу энергиясы көздерін дқрыс пайдалануды бақылап отырсын.»;
Тармақ 2
2. «100 Гкал/сағ жылу өндіру көздерін қоса алғанда, қуаты 100 Гкал/сағ дейін белгіленген жиынтық жылу қуатын өндіретін жылу энергия көздерінен жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды лицензиялаудың Ережелеріне» мынадай өзгерістер енгізілсін: 2 бөлімдегі 3 тармақтың 4 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын: « 4) лицензия берілетін қызметпен айналысатын кызмет түріне лицензия алу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеттің қорытындысы қажет.»; 8 бөлімдегі 31 тармақтың 4 тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «4) Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің қорытындысы және энергияны үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі белгілі тәртіпте белгіленген нұсқаулар, бағдарламалар және іс-шаралар, жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін - ағымдық және күрделі жөндеулердің кестелері;».
Тармақ 3
3. «Облыстық коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А. Қ. Қаратаев) осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.