О внесении изменения в постановление акимата области от 26 марта 2003 года № 64 (Постановление акимата области от 26 марта 2003 № 64 «Об утверждении Правил выплаты средств на поддержку сельхозпредприятий – семенных репродукторов в растениеводстве» зарегистрировано в управлении юстиции области от 09 апреля 2003 года № 2069) Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы ("Егін шаруашылығында тұқымды қалыптастырушы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау үшін қаржы төлеу Ережесін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысы облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 9 сәуірде № 2069 нөмірмен тіркелген).
"Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Егін шаруашылығында тұқымды қалыптастырушы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау үшін қаржы төлеу Ережесін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысымен бекітілген егін шаруашылығында тұқымды қалыптастырушы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау үшін қаржы төлеу Ережесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-бөлімнің 4-тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:
"Элиталық тұқымының әрбір түріне субсидия нормативі мынадай мөлшерде белгіленеді: 2003 жылғы өнімнің дәнді дақылдар элитасының 1 тоннасы үшін 5822 теңге".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Н. Қартовқа жүктелсін.