О внесении дополнений и изменений в постановление акимата области от 26 сентября 2003 №621 «О Плане мероприятий Кызылординской области по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2003-2006 годы» (регистрационный №3524) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысы әкімиятының «Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №621 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (тіркеу №3524) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 шілдедегі №789 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №621 (тіркеу №3524) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
Тармақ 3
«3. Тұрғын үй саясаты» бөлімінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 14-1., 14-2.-жолдармен толықтырылсын:
Тармақ 14-1
«14-1. Тұрғын үй- коммуналдық саланы дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын әзірлеу Облыс әкімиятының қаулысының жобасы Облыстық сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы 2005 жылғы I тоқсан
Тармақ 14-2
«14-2. Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын әзірлеу Облыс әкімиятының қаулысының жобасы Облыстық өнеркәсіп және көлік, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары 2005 жылғы I тоқсан
Тармақ 7
«7. Сауда саясаты» бөлімінде:
Тармақ 5
«5. Сыртқы сауда» тарауында: реттік нөмірі 60-жолда: 2-бағандағы «кешенді» сөзі алынып тасталсын.
Тармақ 8
«8. Әлеуметтік саясат» бөлімінде:
Тармақ 7
«7. Білім» тарауында: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-1 .-жолымен толықтырылсын:
Тармақ 69-1
«69-1. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын әзірлеу Облыс әкімиятының қаулысының жобасы Облыстық білім басқармасы 2005 жылғы I тоқсан
Тармақ 12
«12. Спорт, туризм және салауатты өмір салты» тарауында: реттік нөмірі 107-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстық жазғы спартакиада өткізу және 2005 жылғы Қазақстан Республикасының 1-ші Жастар спорт ойындарына қатысуды ұйымдастыру»; 5-баған мынадай редакцияда жазылсын. «2004 жылғы III тоқсан»; реттік нөмірі 108-жолда: 2-бағанда «Қазақстанның» деген сөзден кейін «2007 жылы» деген сөзбен толықтырылсын; 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: «2006 жылғы IV тоқсан».
Тармақ 13
«13. Демография және көші-қон» тарауында: реттік нөмірі 111 -жолда: 2-бағандағы «2007 жылдар» деген сөздер «2010 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: «2005 жылғы I тоқсан».