О внесении дополнения в решение маслихата от 26 июня 2004 года № 66 "О регламенте Костанайского городского маслихата" Күшін жойған
Басқа 0
«Қостанай қалалық мәслихатының регламенті туралы» мәслихатының 2004 жылғы 26 маусымдағы № 66 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығын іске асыру, жергілікті атқарушы органдарының халықтың алдында жауапкершілігі деңгейін арттыру, мәслихаттар алдында әкімдердің есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында және «Қазақстан Республикасыедағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қалалық мәслихатының регламенті туралы» Қостанай қалалық мәслихатының 2004 жылғы 26 маусымдағы № 66 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3089, 2005 жылғы 17 ақпандағы № 19 «Қостанай» газетінде жарияланған) мына толықтыру енгізілсін:
3-тарау мына мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткіз туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығын орындау үшін, қала әкімі, жартажылдықта бір реттен кем емес, қалалық мәслихаттың депутаттары алдында, оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есеп береді. Есептің және оны талқылаудың нәтижелері бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді.