О внесении изменений в решение маслихата от 26 июня 2004 года № 66 "О регламенте Костанайского городского маслихата" Күшін жойған
Басқа 0
"Қостанай қалалық мәслихатының регламенті туралы" мәслихаттың 2004 жылғы 26 маусымдағы № 66 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қалалық Мәслихатының регламенті туралы» Мәслихаттың 2004 жылғы 26 маусымдағы № 66 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3089, 2005 жылғы 17 ақпандағы № 19 «Қостанай» газетінде жарияланған, бұрын Мәслихатының «Қостанай қалалық Мәслихатының регламенті туралы» Мәслихаттың 2004 жылғы 26 маусымдағы № 66 шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы № 233 шешімімен толықтыру енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-43) мынадай өзгерістер енгізілсін:
11-тармағының үшінші абзацында «және оны жүргізуді» деген сөздер алынып тасталсын;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын Мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына шарттық негізінде мәслихат депутаттары болып табылмайтын адамдар да қатыса алады.
Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру комиссиясы акт дайындайды, ол туралы Мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексерулер жылына кемінде бiр рет өткізіледі.
Тексеру комиссиясының отырыстарын қажет болған жағдайда төраға, Мәслихат хатшысы шақыртады, бірақ тоқсанда кемінде бiр рет ғана. Тексеру комиссиясының отырыстарына енгізілетін мәселелерді төраға және тексеру комиссияларының мүшелері дайындайды.
Тексеру комиссиясының отырыстары оның құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан көбі қатынасқан жағдайда заңды күші бар деп есептеледі.
Тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары нәтижелері қарастырылатын отырыстары келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
өткізілген бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпарат-қорытындылар;
тексеру комиссиясы қаулысының жобасы.
Жергілікті атқарушы органның қалалық бюджетті орындау туралы есебін қарастыру қорытындылары бойынша комиссия отырысы қала әкімдігі ұсынатын келесі материалдар болған жағдайда өткізіледі:
қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп;
түсіндірме жазба;
түсімдер бойынша орындау, сонымен қатар жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде олардың тиімділігін бағалау туралы талдамалық есеп.
Тексеру комиссиясы отырысына Мәслихат хатшысы, ведомстволар мен бақылау объектілерінің өкілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім бойынша шақырылған басқа да мүдделі тұлғалар қатынаса алады.
Тексеру комиссиясы отырысында хаттама жүргізіледі, онда қатысушы лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы мен пәні, баяндамашылар мен талқылауға қатынасушылар, олардың сөз сөйлеулерінің негізгі мазмұны және комиссия мүшелері қабылдаған шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда отырыста қарастырылған мәселелер магнитофон лентасына (диктофонға) жазылады.
Мәслихат шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілген мәслихат хатшысының өкімі шығарылады. Бақылау іс-шаралары туралы өкім қатаң есепті бланктерде ресімделеді және міндетті түрде тексеру басталған күні тексерілуші ұйымның басшысына тапсырылады.
Тексеру комиссиясының төрағасы жұмыс жоспары және бақылау объектісін алдын ала зерделеу негізінде бюджеттік бағдарламаларды, мекемелер мен орындаушыларды атап бақылау іс-шараны өткізу бағдарламасын жасайды.
Тексеру комиссиясы мүшелері, Мәслихат аппараты қызметкерлері, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарының бақылау іс-шараларын өткізумен байланысты материалдарды зерделеу мен талдауға қатысуы қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиялардың құпиялылық режимін қамтамасыз етуді ескеруімен іске асырылады.
Бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша екі данада тексеру акті ресімделеді және оған тексеруші, ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Бірінші данасы тексерілуші ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды тұлғаға) тапсырылады, екіншісі - тексерушіде қалады.
Тексерілуші объектінің басшысын актімен таныстыру үш күннен астам емес мерзімде жүргізіледі.
Келіспеушілік болған жағдайда тексерілуші ұйымның басшысы өз қолының алдында «Келіспеушіліктермен» белгісін қояды және жеке құжаттармен өз келіспеушіліктерінің негіздемесін растайды. Он күн ішінде келіспеушіліктер тексеру комиссиясына жолданады.
Актіге тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі қорытындылар, ұсыныстар мен деректер енгізілмейді.
Тексеру комиссиясы алынған келіспеушіліктерді қарастырады және актіге қол қойылған күннен бастап он күн ішінде ұйымның басшысына жазбаша жауап береді.
Бақылау нәтижелері бойынша төраға тексеру комиссиясында қарастыруға материалдар, комиссия қаулысының жобасын және бақылау нәтижелері туралы ақпарат дайындайды.
Тексеру комиссиясы қабылдаған қаулыларын іске асыру барысын бақылауды төраға жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясы жұмысының жариялылығы қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады.
Тексеру комиссиясы мен қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды жылына бір реттен артық емес және екі жылда кемінде бір рет өткізеді.
Тексеру комиссиясы мүшелеріне бақылау актілерінде баяндалған мәліметтердің растығына, объективтілігіне және толықтығына қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жауапкершілік жүктеледі.
Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
1) өзінің мазмұны жағынан жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебі бойынша қорытынды болып табылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті белгіленген мерзімде Мәслихатқа береді;
2) Мәслихат пен әкімдікке бақылау нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражаттарының нысаналы емес, негізсіз және тиімсіз пайдаланылу фактілері жөнінде, сондай-ақ жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жұмыстағы кемшіліктер туралы ақпарат береді;
3) жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
4) жергілікті бюджеттің атқарылуына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қолданысы жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
5) құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады;
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тексеру комиссиясы өзін сайлаған Мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары қалалық Мәслихат сессиясында қарастырылады және оның шешімімен Мәслихаттың жалпы жоспарының бөлігі ретінде бекітіледі.
Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарында қалалық бюджеттің орындалуын жан-жақты жүйелі бақылауды қамтамасыз ететін негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізімі болуға тиіс.
Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарын іске асыру үшін төраға тоқсандық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны Мәслихат хатшысы бекітеді. Төраға тоқсандық жоспарларға енгізілетін мәселелер тізімін келесі тоқсанның басына дейінгі он күн ішінде тексеру комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары бойынша жасайды.
Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды төраға жүзеге асырады».
53-тармақ мына мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
«4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға;»
55-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс».
Тармақ 2
2. «Қостанай қалалық Мәслихатының тексеру комиссиясы туралы ережесі туралы» Қостанай қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 27 ақпандағы № 154 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.