О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 26 марта 2004 года № 89 "О создании Комиссии по выдаче разрешений работодателям на привлечение иностранной рабочей силы" (зарегистрированное в департаменте юстиции 16 апреля 2004 года за № 1664), внесены изменения постановлениями акимата Мангистауской области от 27 августа 2004 года № 184 (зарегистрированное в департаменте юстиции 17 сентября 2004 года за № 1752) от 3 декабря 2004 года № 232-п (зарегистрированное в департамен Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссия құру туралы" 2004 жылғы 26 наурыздағы № 89 (әділет департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде № 1664 болып тіркелген) Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 27 тамыздағы № 184 (әділет департаментінде 2004 жылғы 17 қыркүйекте № 1752 болып тіркелген) , 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 232-қ (әділет департаментінде 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1796 болып тіркелген) қаулыларымен өзгерістер енгізілген қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссия құру туралы" 2004 жылғы 26 наурыздағы № 89 (әділет департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде № 1664 болып тіркелген) Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 27 тамыздағы № 184 (әділет департаментінде 2004 жылғы 17 қыркүйекте № 1752 болып тіркелген), 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 232-қ (әділет департаментінде 2004 жылғы 14 желтоқсанда № 1796 болып тіркелген) қаулыларымен өзгерістер енгізілген қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 2-тармақтағы "облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздер "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын. 2) 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3) 2-қосымшада : 2-тармақтағы "облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздер "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, облыстық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасының және Маңғыстау облысы бойынша көші-қон және демография басқармасының" деген сөздер "Маңғыстау облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің, Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің Көші-қон полиция басқармасының және Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Тұрысбековке жүктелсін.
Басқа 3
Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 246 қаулысына қосымша Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ А.Б. Баужанова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, Комиссия төрағасы Қ. Нұрғалиев Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Т. Қалжанұлы Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы (келісім бойынша) А.М. Инкаров Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек туралы заңнаманы сақтауды бақылау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Л.О. Олжабаева Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары А.Е.Боранов Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің Көші-қон полиция басқармасының көші-қонды қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Л.Г. Утепова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің бастығы Б.Жылқыбаева Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік-еңбек қатынастары, әріптестік және еңбекті нормалау бөлімінің бастығы В.К. Елемесова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы Д.С.Шүкірбаева Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы Комиссия хатшысы: Б.А. Көшімова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы