О внесении дополнения в постановление акимата от 26 декабря 2005 года № 1014 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2006 году» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 «2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 «2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-31, 2006 жылғы 20 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде № 4-5 болып жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 32 "Әкімдіктің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 "2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-37, 2006 жылғы 10 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде № 20-21 болып жарияланған қаулысымен, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 392 «Әкімдіктің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1014 "2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-48, 2006 жылғы 31 мамырда «Рудненский рабочий» газетінде № 44 болып жарияланған қаулысымен толықтырулар енгізілді) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыссыздар үшін ұйымдастырылған кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері мына мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
15.
«Рудный қаласы әкімдігінің № 7 бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Аумақты күнделікті жинауға көмектеседі
15000 шаршы метр
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.