О внесении изменения в постановление от 26 декабря 2005 года № 632 «Об организации общественных работ на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 632 «2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 632 «2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-24, «Арқалық хабары» газетінің 2006 жылғы 17 ақпандағы 6 (80) нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 5-тармақта «күшіне енеді» деген сөздер «қолданысқа енгізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Н. Назароваға жүктелсін.