О внесении изменения в постановление акимата г.Степногорска от 26 октября 2005 года № а-6/652 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қ. әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы № ә-6/652 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қ. әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы № ә-6/652 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына (Степногорск қ. Әділет басқармасында 2005 жылдың 26 қазанында № 1-2-21 тіркелген, 2005 жылдың 27 қазанында № 44 «Престиж» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: қосымшадағы: «Қазақстан Республикасы Президентіне үміткерлерін» деген сөздері алынсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.