О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2005 года № 884 и от 9 декабря 2005 года № 1228 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 және 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысында :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):
"Дамуға берiлетiн нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебiнен қаржыландырылатын 2006-2008 жылдарға арналған басымды жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген кестеде:
"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрi 107-жолда:
4-бағанда "2006-2008" деген сандар "2006-2007" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағанда "56206" деген сандар "31206" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағанда "183706" деген сандар "692289" деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағанда "483583" деген сандар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 108-жолда:
7-бағанда "100000" деген сандар "35000" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағанда "194740" деген сандар "259740" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 110-жолда:
7-бағанда "50000" деген сандар "140000" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағанда "446294" деген сандар "356294" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ:" деген жолда:
8-бағанда "17608658" деген сандар "18092241" деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағанда "14371732" деген сандар "13888149" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
05 "Денсаулық сақтау" деген функционалдық тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
005 "Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы бойынша:
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында 100 адам қабылдайтын емханасы бар 75 төсектiк аудандық аурухана салу" деген жолда "56206" деген сандар "31206" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 50 төсектiк туберкулез ауруханасын салу" деген жолда "100000" деген сандар "35000" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Большая Владимировка ауылында аудандық орталық аурухананың 50 төсектiк тұрақты корпусы" деген жолда "50000" деген сандар "140000" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.