О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273 "Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 4354 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 (1146) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесі: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Комиссия берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің болуы бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым беретін кәсіби бухгалтер сертификатын алуға негіз болып табылады.»; 19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Комиссия мүшелерінің қатысуымен Комиссия хатшысы кодтағаннан кейін аудиторлыққа кандидаттардың емтихандық жұмыстары бар жұмыс дәптерлерінің көшірмелері жасалады немесе сканерден өткізіледі. Көшірмелері түпнұсқалармен салыстырылады, жеке конвертке (немесе конверттерге) салынады, олар желімделеді, мөрмен бекітіледі және комиссия мүшелерінің, сондай-ақ уәкілетті орган өкілінің қолдарымен расталады. Осыдан кейін Комиссия төрағасы беру актісі бойынша конвертті уәкілетті органның өкіліне береді.»; 20-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Емтиханның нәтижелерін шығарғаннан кейін уәкілетті органның өкілі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстыру үшін Комиссия мүшелерінің қатысуымен аудиторлыққа кандидаттардың емтихандық жұмыстары бар жұмыс дәптерлерінің көшірмелері бар конверттерді ашады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4