О внесении изменений и дополнений в решение Айыртауского районного маслихата от 26 декабря 2006 года № 3-32-2 «О бюджете района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» №3-32-2 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Казақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 116 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әділет басқармасында 2006 жылы 30 желтоқсанда №13-3-43 тіркелген және 2007 жылы 12 қаңтарда "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» №3-32-2 шешіміне аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 қаңтардағы "Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 желтоқсандағы "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" №3-32-2 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" №3-33-2 шешімімен нақтыланғанын есепке ала отырып (2007 жылы 28 ақпанда №13-3-44 тіркелген, "Айыртау таңы" 2007 жылы 23 наурызда №12, "Айыртауские зори" 2007 жылы 23 наурызда №12) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшада «1 363 151» саны «1 382 160» санымен ауыстырылсын; «223 515» саны «239 235» санымен ауыстырылсын; «753» саны «873» санымен ауыстырылсын; «19 966» саны «16 766» санымен ауыстырылсын; «1 118 917» саны «1 125 286» санымен ауыстырылсын; 2) тармақшада «1 374 175» саны «1 393 684» санымен ауыстырылсын; 3) тармақшада «-11 024 » саны «-11 524» санымен ауыстырылсын; 5) тармақшада «0» саны «-500» санымен ауыстырылсын; «0» саны «500» санымен ауыстырылсын. 2.тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын: «2. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасуы белгіленсін: жеке табыс салығы; жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды тұлғалардың көлігіне салық; республикалық бюджетке түсетін акциздерден баска, акциздер; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер; республикалық бюджетке түсетін алымдардан басқа кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар; республикалық бюджетке түсетін консульдық алымдар мен мемлекеттік баждан басқа мемлекеттік баж». 15 тармақта: "34 010" саны "40 379" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1, 2 қосымшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын (қоса берілді).
Тармақ 3
3. Осы шешім қолданысқа 2007 жылдың 1 каңтарынан енеді.
Басқа 4. 2007 жылға арналған аудан бюджеті
Аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 17 сәуірдегі №3-34-2 шешіміне 1 қосымша 2007 жылға арналған аудан бюджеті
Басқа 5. 2007 жылға арналған ауданның бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 17 сәуірдегі №3-34-2 шешіміне 2 қосымша 2007 жылға арналған ауданның бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі