О внесении изменения и дополнения в решение от 26 апреля 2006 года № 313 "Об утверждении Региональной программы борьбы с коррупцией в Костанайской области на 2006 - 2010 годы" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 313 "Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 26 сәуіріндегі № 313 «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кyрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қосымшаға сәйкес Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) 2-бөлімі толықтырылсын; жоспардың 32-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми түрде алғашқы рет жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн мерзімі өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Мәслихаттың 2007 жылғы 12 шілдедегі № 459 шешіміне қосымша Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Р/с № Іс-шара Аяқтау нысаны Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лар Орын­дау мер­зі­мі Бо­лжам­ды шы­ғы­стар Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі 1 2 3 4 5 6 7 2. Сыбайлас жемқорлықты төмендету жөнінде мемлекеттік шараларды жетілдіру 24-1 Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың заңдылығы мәселесі бойынша тексерулер жүргізу Облыс әкіміне ақпарат және қадағалау актілері "Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті" (ММ) (келісім бойынша), "Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)" ММ (келісім бойынша), "Қостанай облысының прокуратурасы" ММ (келісім бойынша) Жарты жылда 1 рет Қар­жы­лан­ды­ру­ды та­лап ет­пей­ді