О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 2006 года № 329 "Вопросы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде: 14-тармақта: «туристік ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттаудың тәртібін белгілейді;» деген жиырма бірінші абзац алып тасталсын; отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді;»; 15-тармақтың «туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде туристік қызметті лицензиялау ережелерін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;» деген он үшінші абзацы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағының 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жетінші абзацын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.