О внесении изменения в постановление акимата района от 26 января 2006 года № 38 «Об определении порядка по отбору работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес Федоров ауданын басқару схемасын өзгертуге байланысты Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы» Федоров ауданы әкімдігінің (норматтивтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9-20-17 тіркелген 2006 жылғы 16 наурыздағы № 11 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысымен құрылған әлеуметтік жұмыс орындарын үйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия құрамына мынадай озгеріс енгізілсін: 3-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес комиссия құрамы Федоров аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия
Әкімдіктің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 311 қаулысына қосымша Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия Заверуха Владимир Николаевич - Федоров ауданы әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы Федорова Ольга Федоровна - «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, төраға орынбасары Найпак Светлана Александровна - «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы Завощенко Светлана Франковна - «Федоров ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Авдеенко Татьяна Николаевна - «Федоров ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Рыбальченко Ирина Викторовна - «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, есеп бойынша бас маман