О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 26 апреля 2006 года № А-4/140 «О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года» Күшін жойған
Басқа 0
«2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № А-4/140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № А-4/140 (2006 жылғы 18 мамырда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған, № 3189) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
облыс әкімдігінің жоғарыда аталған қаулысының қосымшасындағы 2 тармағында:
облыстық шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Мартазанов Макшарип Баматгиреевич - денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық косіпорнының аға дәрігері (медициналық комиссияның төрағасы)
Субач Лейла Леонидовна - денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі - комиссияның хатшысы;
көрсетілген құрамнан шығарылсын: Галиев Ринат Рустамович, Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірханқызы.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының күші 2006 жылдың 1 қазанынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарады.
Тармақ 3
3. Ақмола облыстық әкімдігінің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы қорғаныс
істері жөніндегі департаментінің
бастығы Қынышбаев Б.Н.
Ақмола облысы денсаулық
сақтау департаментінің
директоры Төкенов Б.Ү.