Аудан әкімдігінің 26 желтоқсан 2006 жылғы «Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы» №313 санды қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 26 желтоқсан 2006 жылғы «Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы» №313 санды қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 16.08.2007 г. № 225 (Аудан әкімдігінің 26 желтоқсан 2006 жылғы «Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы» №313 санды қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 26 желтоқсан 2006 жылғы «Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы» №313 санды қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде №7-8-36 08.01.2007 жылы тіркелген, 2007 жылдың 22 қаңтарында «Ауыл айнасы» газетінде № 4 санымен жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулының 3 тармағындағы «Казталов аудандық аумақтық басқармасымен» деген сөздер «Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесімен деген сөздермен, «Казталов аудандық аумақтық медициналық бірлестігімен, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестігімен» деген сөздер «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Казталов аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қаулының қосымшасымен Казталов аудандық аумақтық медициналық бірлестігі мен Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестігіне тапсырылған бөліктері, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданың Казталов аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының деңсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны деп өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
3. Қаулы баспасөзде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.