О внесении дополнения в постановление акимата от 26 марта 2007 года № 29 «О реализации решения Карасуского районного маслихата от 14 декабря 2006 года № 224 «О районном бюджете Карасуского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 29 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 64-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешімін іске асыру туралы» Қарасу ауданы экімдігінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 29 қаулысына (мемлекеттік тіркеу Тізілімдегі нөмірі 9-13-32, «Қарасу өңірі» 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 15) мынадай толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының 1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) «Құрметті донор» деген омырауға тағатын белгісімен наградталған қоғам алдында ерекше еңбегі сіңіргені үшін азаматтарға бірыңғай әлеуметтік көмек 25000 теңге мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.