О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 633 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы "төлеуге жұмсайды" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 4
"4) осы қаулыға 3-1-қосымшада көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мен қатысу үлестері мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 2010 - 2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер және мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер төлеуден босатылады"; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 2-1
"2-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-1-қосымшада көрсетілген ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін."; 3-тармақта "3" деген саннан кейін ", 3-1" деген сандармен толықтырылсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мен қатысу үлестері мемлекет меншігіндегі агроөнеркәсіптік кешеннің акционерлік қоғамдары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тізбесі
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 856 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі 633 қаулысына 3-1-қосымша Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мен қатысу үлестері мемлекет меншігіндегі агроөнеркәсіптік кешеннің акционерлік қоғамдары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. "Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 4
4. "Қарабау" элиталық тұқым шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 5
5. "Түгіскен" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 6
6. "Мерке" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 7
7. "Кондратов тәжірибе-көрсету орман питомнигі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 8
8. "Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 9
9. "Қаскелең тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 10
10. "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 11
11. "Заречное" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 12
12. "Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 13
13. "Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 15
15. "Қазақ тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 16
16. "Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.