О внесении изменений в решение акима села Жетыбай от 26 марта 2008 года № 176 «Жетібай кентіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима села Жетыбай от 26 марта 2008 года № 176 «Жетібай кентіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- Жетібай ауылы әкімінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 176 «Жетібай кентіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 25.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2017 110092_161761.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MDE03279
- ЭКБ идентификаторы
- 110092
- Редакция идентификаторы
- 110092_161761
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:22
0 Жетібай ауылы әкімінің 2008 жылғы
26 наурыздағы № 176 «Жетібай
кентіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы
салынып жатқан шағын ауданға атау
беру туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Жетібай ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 11-15-4432 ұсынысының негізінде, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жетібай ауылы әкімінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 176 «Жетібай кентіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-57 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 42 (268) «Қарақия» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Жетібай ауылындағы жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы»;
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес және Жетібай ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Жетібай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2 тармақ алынып тасталсын.