О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2008 года № 190 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге сандық шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 190 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 10, 106-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасында "5 275" деген сандар "15 233,1" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде:
"Көлемі (тоннамен)" деген бағанда "46 736" деген сандар "56 694,1" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қолданылу мерзімі" деген бағанда "2008 жылғы 1 қазанға дейін" деген сөздер "2009 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономика қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.