О внесении дополнения в постановление акимата города Экибастуза от 26 декабря 2008 года № 756/12 "О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2009 жылға арналған қосымша шаралар туралы" № 756/12 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақ 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2009 жылға арналған қосымша шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 12-3-215 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 5 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) № 756/12 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі толықтыру енгізілсін:
1) Қаулының 2- тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"-ағымдағы жылдың жоғарғы, орта және бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарын аяқтаған түлектерге "жастар тәжірибесіне" жұмысқа орналастыру кезінде еңбек төлемі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақының 1,5 мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.