О внесении изменения в постановление акимата от 26 января 2009 года № 24 "О реализации бюджетной программы "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" в 2009 году Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 24 "2009 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3)-тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 24 "2009 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-123, 2009 жылғы 13 ақпанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың 9)-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
"9) Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы, толық емес отбасылардағы азаматтарға, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға және халықтың нысаналы топтарына жататын басқа азаматтарға жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқу төлеміне әлеуметтік көмек;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.