О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 26 мая 2009 года № 603 "О проведении очередного призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 603 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңы 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңының 17-бабы 5-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 603 қаулысына (2009 ж. 05.06. № 23 (233) «Қызылжар Нұры» және 2009 ж. 05.06. № 23 (281) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған, 2009 жылғы 3 маусымдағы № 13-1-155 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, 1 қосымшада:
комиссия құрамына енгізілсін:
Мясоедова Анна Степановна - «№ 2 қалалық емхана» КМҚҚ мейірбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы,
Шақыру комиссиясының хатшысы дәлелді себептермен бола алмаған жағдайда шақыру комиссиясының құрамына мына адамдарды енгізуге рұқсат етілсін:
Тұрғынова Сұлушаш Көшербайқызы - «№ 2 қалалық емхана» КМҚҚ мейірбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы
комиссия құрамынан шығарылсын:
Рахметова Райхан Сәткенқызы, Дятлова Елена Владимировна.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
КЕЛІСІЛДІ: