О внесении дополнений в постановление акимата района от 26 января 2009 года № 7/1 "О социальной поддержке отдельных категорий граждан района на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" № 7/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" № 7/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12- 13-74 болып тіркелген, 2009 жылғы 15 тамыздағы № 33 аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" № 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 179/6 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-13-84 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 39 аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: Азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемдер тағайындау Нұсқауы келесі мазмұны 2.1 тармағымен толықтырылсын: "2.1. Аудан азаматтарының жеке санатына төленетін әлеуметтік төлемдер төмендегідей өлшеммен тағайындалады: Ұлы Отан соғысы мүгедектері және қатысушыларына: Жеңіс Күніне орай төленетін біржолғы төлемдер 10 000 (он) мың теңге көлемінде; Жеңіс Күніне орай сыйлық сатып алу үшін 3207 (үш мың екі жүз жеті) теңге; дәрі-дәрмек сатып алу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; коммуналдық шығындарын өтеу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 3 000 (үш мың) теңге, 2009 жылғы 1 мамырдан бастап 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; тіс протезін салғызу үшін төленетін біржолғы төлем 10 000 (он) мың теңге көлемінде; электрмен жылыту қондырғысын орнату үшін төленетін біржолғы төлем 50 000 (елу) мың теңге көлемінде. Жеңіс күніне төленетін біржолғы төлемдер: азаматтардың келесі санатына 1 000 (бір) мың теңге көлемінде: "1941 - 1945 соғыс жылдардағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға; "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға; 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға; "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға; концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына; некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне; Ұлы Отан соғысы кезінде қызметте болған әскери қызметкерлер мен еркін жалдамалы құрамда болған тұлғаларға; Кореядағы соғыс әрекеттеріне қатысушыларға 2 000 (екі) мың теңге көлемінде; Отан қорғаушылар Күніне орай Қарулы Күштер ардагерлеріне төленетін біржолғы көмек 2 000 (екі) мың теңге көлемінде; Чернобыль атом стансасындағы апаттан зардап шеккен тұлғаларға және Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға: сауықтыруға арналған тоқсан сайын төленетін қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Отан қорғаушылар Күніне орай 2 000 (екі) мың теңге көлемінде; коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін төленетін ай сайынғы төлемдер 1 600 (бір мың алты жүз) теңге көлемінде; Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға төленетін біржолғы төлемдер 2 000 (екі) мың теңге көлемінде; Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарын өтеуге: Азаматтардың келесі санатына ай сайын 1 600 (бір мың алты жүз) теңге көлемінде: некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне; "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға; концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына; Азаматтардың келесі санатына тоқсан сайын 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде: жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге; ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге. Облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан және интернатура өту кезеңіндегі студенттерге - нақты оқуақысы көлемінде, жолақысы, жатып-тұруына және тамақтануларына ай сайын төлемақы 5 000 (бес) мың теңге көлемінде; колледжде оқып жатқан жетім студенттерге оқу кезеңіне нақты оқу ақысы көлемінде оқуларын төлеу; мүгедек студентке жоғары оқуына төлеуге біржолғы көмек 2 курс оқуының нақты оқу ақысы 76 000 (жетпіс алты мың) теңге көлемінде; Семей мемлекеттік медициналық Академиясының Павлодар филиалының 5 курс студентіне 1 семестрдегі оқуының нақты оқу ақысы 112 880 (жүз он екі мың сегіз жүз сексен) теңге көлемінде; Қосалқы шаруашылығын дамытуға берілетін біржолғы қаражаттай көмек 70 000 (жетпіс) мың теңге көлемінде, мал азығын алуға 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде; Отын алу үшін берілетін қаражаттай көмек: Шарбақты ауыл тұрғындарына 7 000 (жеті) мың теңге көлемінде, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 9 000 (тоғыз) мың теңге көлемінде; ауылдық округ тұрғындарына 10 000 (он) мың теңге көлемінде, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 12 000 (он екі) мың теңге көлемінде; жеке өтініштеріне сәйкес азаматтардың жеке санатына берілетін біржолғы көмек; мүгедектер күніне орай біржолғы көмек: барлық топтағы мүгедектерге 3 000 (үш) мың теңге көлемінде; мүгедек балаларға 5 000 (бес) мың теңге көлемінде; мүгедек балаларға компьютер алу үшін берілетін біржолғы қаражаттай көмек 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде; сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек; аудан, облыс, Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін, "Әлеуметтік қамсыздандыру ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атағы бар зейнеткерлерге зейнетақысына қосымша төлем түріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыз мәртебесі бар тұлғаны жерлеуге жұмыссыздың отбасына төленетін біржолғы көмек 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде; амбулаторлық емделуде жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жүріп тұруларына және тамақтануларына көрсетілетін біржолғы көмек 10 000 (он) мың теңге көлемінде; онкологиялық ауруларға емделулеріне төленетін біржолғы көмек - 10 000 (он) мың теңге көлемінде; бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғаларға төленетін біржолғы көмек 10 000 (он) мың теңге көлемінде; жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға біржолғы көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; 2009 жылы мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек 100 000 (жүз) мың теңге көлемінде; Галкино ауылына тұруға келген оралмандар отбасына тұрмыстық жағдайларын жақсартуға берілетін біржолғы көмек 300 000 (үш жүз) мың теңге көлемінде; жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға уақытында есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы қаражаттай көмек 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; нәресте балалары бар аналарға балалар тамағын алуға көрсетілетін біржолғы қаражаттай көмек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы төлемдер: 100 жыл және одан ұзақ жасаған қарт әйелдерге 20 000 (жиырма) мың теңге көлемінде; Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдерге және 4 және одан көп балалары бар көпбалалы аналарға 10 000 (он) мың теңге көлемінде; әлеуметтік жұмысшылар және этномәдени бірлестік жетекшілеріне 5 000 (бес) мың теңге көлемінде. Қарттар күніне орай біржолғы төлемдер: ұйымдарға бекітілмеген зейнеткерлерге 1000 (бір) мың теңге көлемінде; 90, 100 жастан асқан зейнеткерлерге 10 000 (он) мың теңге көлемінде. 100 жыл және одан ұзақ жасағандарға ай сайынғы төлемдер 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға біржолғы төлемдер: зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде; кәсіптік оқудан өтіп жатқан жұмыссыздарға жүріп - тұруларына және тамақтануларына көрсетілетін біржолғы көмек 5 000 (бес) мың теңге көлемінде; мектепке дейінгі тәрбие шағын орталығында тәрбиеленетін балалары бар отбасыларына орталық қызметіне төлеуге отбасыларына ай сайынғы өтемақы 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде".
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатына әлеуметтік көмек беру және оның өлшемдері бойынша нұсқау туралы" N 193/7 қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.