О внесении изменения в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 799 "Об утверждении предельных объемов стационарной помощи" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 7 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік актілер жинағында» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Г. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 881 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына 1-қосымша Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдері № Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның ата­уы Ста­ци­о­нар­лық ем­де­у­ге жос­пар­лан­ған на­у­қа­стар са­ны 1. Ақ­мо­ла 119 432 2. Ақ­тө­бе 90 112 3. Ал­ма­ты 195 395 4. Аты­рау 62 660 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан 224 248 6. Жам­был 154 666 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан 89 850 8. Қа­ра­ған­ды 185 102 9. Қы­зы­лор­да 111 094 10. Қо­ста­най 129 906 11. Маң­ғы­стау 65 140 12. Пав­ло­дар 115 203 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан 108 301 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан 341 039 15. Аста­на қа­ла­сы 95 674 16. Ал­ма­ты қа­ла­сы 184 707 БАР­ЛЫ­ҒЫ: 2 272 529