О внесении изменений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 799 "Об утверждении предельных объемов стационарной помощи" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік актілер жинағында жарияланған, № 7, 2010 жылы) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.»; көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері»; «Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны» бағаны мынадай редакцияда жазылсын: « Ста­ци­о­нар­лық ем­де­у­ге жос­пар­лан­ған на­у­қа­стар са­ны 106116 88629 203204 60917 205755 141711 86338 177509 101046 113484 64326 105668 92711 321570 127451 193406 2 189 841 »; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада: «Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.»; «Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны» бағаны мынадай редакцияда жазылсын: « Ста­ци­о­нар­лық ем­де­у­ге жос­пар­лан­ған на­у­қа­стар са­ны 15538 15998 28972 10000 36433 18890 15763 38528 11900 17734 13380 23171 15200 50514 19108 50627 381756 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.