О внесении изменений и дополнений в приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 801 «Об утверждении Правил формирования тарифов на медицинские услуги, оказываемые в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования и Методики формирования тарифов на медицинские услуги, оказываемые в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинс Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» 2009 жылғы
26 қарашадағы № 801 және «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы»
2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының
2-тармағына, 25-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз төртінші, қырық бесінші, жүз қырқыншы абзацтарын, осы бұйрықтың 2-тармағының отыз алтыншы, елу тоғызыншы, алпыс бірінші және жетпіс алтыншы абзацтардың аралығындағы абзацтарды, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 2-тармағының қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық төртінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық тоғызыншы, жетпіс сегізінші, сексенінші, сексен екінші, сексен төртінші, сексен бесінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 6 желтоқсан
№ ҚР ДСМ-35 бұйрығына
қосымша